АМАНГЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
Кеше Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округі әкімі Қ.Құлымбетовтің өткен жылы атқарған жұмыстарының есебі бойынша кездесу өтті.
Жыл көлемінде 36 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 17 тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды. Бір мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа тұрғызылды. Ауыл тұрғындары да мемлекеттік қолдаудан тыс қалып отырған жоқ. Мысалы, осы ауылдық округте «Жұмыспен қамту– 2020» бағдарламасы бойынша 4 жас маман жастар тәжірибесінен өтіп, 5 азамат несие алып өз кәсібін бастаған.