АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА
2017 жылғы 16 қаңтарда Шиелі ауданы Енбекші ауылдық округінің әкімі Б.Омаров ауыл тұрғындарына есеп берді. Онда былтыр атқарылған жұмыстардың жай-жапсары айтылып, алда тұрған міндет-межелер сараланды.
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының І бағыты бойынша елді мекеннің инфрақұрылымын дамытуға 16 адам жұмыспен қамтылды. ІІ бағыты бойынша 6 азамат 19 млн 400 мың теңге несие алып, мал шаруашылығын өрістету мақсатында жұмыс істеуде.