«САМҒАУ» БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Самғау» - «Қазақстанда жасалған» байқауының бірінші кезеңінде 200-ге жуық үміткер қатысты. Көбіне 18-29 жас аралығындағы үміткерлер қамтылды»,- деп атап өтті Халық маркасы қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Римма Тәжібаева бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен байқау қорытындысына арналған баспасөз-мәслихатында.
«Отандық өнім шетел өнімнен асып түспесе кем түспейді. Өткен тауарлармен салыстырғанда қазіргі шығарылып жатқан тауардың сапасы жақсарып, тиімділігі артты. Дизайны жағынан да біршама өзгерді. Дегенмен де, отандық тауарлардың артықшылықтарын насихаттау жағы кемшін. Аталмыш байқау осы орын алған олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ойластырылған болатын. Алға қойған мақсатымызға жетіп, журналистер арасында өнімге деген қызығушылықты артттыра алдық деп ойлаймын»,- деді Р. Тәжібаева.
Шара барысында байқаудың бірінші кезеңінің нәтижесінің қорытындысы жарияланып, аймақ жеңімпаздарын анықтады. Сондай-ақ, жеңімпаздардың қай елге сапар шегетіні де айтылды. «Самғау» ұлттық байқаудың жеңімпазы Астана қаласы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арнұр Асқаров (Грузия) және Bag.kz порталының тілшісі Дәулет Жиенқұлов (БАЭ) атанды.
Алматы қаласы бойынша блогер Вера Ляховская (Қытай) және Nur.kz порталының редакторы Ақырыс Сейітқазы (Индия).
Ақмола облысы бойынша «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының редактор жүргізушісі Раушан Сайлауқызы (Ресей Федерациясы).
Алматы облысы бойынша «Bnews.kz» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Хасан Еспанов (Әзірбайжан).
Қарағанды облысы бойынша «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің жауапты хатшысы Нұрқанат Канафин (Украина).
Маңғыстау облысы бойынша – «Маңғыстау» облыстық газетінің тілшісі Валентина Қозыбакова (Түркия).
Жамбыл облысы бойынша- «Shyraiber.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы АйшатЖуасбаева (Белоруссия).
Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Жәмилә Мамырәлі (Армения).
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Неделя СК» апталық жарнама-ақпараттық облыстық газетінің шолушысы, «Информбюро» ақпараттық агенттігінің СҚО бойынша тілшісі Алена Любушак Тайландқа сапар шегеді.
Ал «Қазақ радиосының» ШҚО бойынша меншікті тілшісі Дәулет Әбілқасымов Мысыр еліне жодама иеленді.
Римма Тәжібаеваның мәліметі бойынша жеңімпаздар тобы «Экспо 2017» аясында таяуда «Халықмаркасы» павильонын ұйымдастырушылар құрамымен әлемнің 12 еліне сапар шегеді.