БАҚЫЛАУСЫЗ ЖҮРГЕН 271 БАЛА АНЫҚТАЛДЫ
ОІІД баспасөз қызметі облыс көлемінде 2017 жылдың 13-15 қаңтар аралығында мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарта отырып «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілгендігін хабарлайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу мен кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату деректерін анықтау болып табылады.
Жүргізілген шара барысында ішкі істер органдарына барлығы 271 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның 233-і түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған.
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 204 баланың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (бұзақылық) және 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 16 кәмелетке толмаған бала мен олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылып, тиісті шара көру үшін жергілікті жерлердегі әкімшілік соттарға жолданды. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша (жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі) 2 дерек анықталды.