«ШАЛҚИЯ» ӘЛЕМДІК МЫРЫШ НАРЫҒЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ӨНДІРУШІ
«Шалқия» кенішінде бүгінгі күні 438 адам еңбек етіп жатыр. Ал жерасты кен қазбасына 150 адам қатысуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады. «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ бас директорының кеңесшісі Нәжмәдин Мұсабаевтың айтуынша, өндіріс орны тоқырап қалған тұста өзге өңірлерге көшіп кеткен мамандар елге қайта оралуда.
Кеніш басшылығы оларды жатын орын, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешіп қойды. Мұнда тұрғын үй мәселесі де оң шешімін тапқан. Таяу болашақта кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде мұнда 1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Алып жобаның жалпы құны 500 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның 350 млн. доллары «Еуропалық қайта құру және даму банкі» арқылы қаржыландырылады. Жалпы, «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінде қуаттылығы жылына 4 млн. тонналық кен-байыту комбинаты «Қызылорда облысында тау-кен металлургия кенішін дамытудың жол картасына» енген 3 ірі жобаның бірі.
«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ Басқарма төрағасы Болат Рамазановтың айтуынша, қорғасын мен мырыш өндіру үшін полиметалдарды өндіріп және байыту жобасына құны 165 млрд теңге тұратын инновациялық тік-конвейерлі руданы шығару технологиясы қолданылып келеді. Қазір өнімге деген сұраныс жоғары. Сондықтан «Шалқия» әлемдік мырыш нарығындағы негізгі өндірушіге айналды.
«Шалқия» полиметалл кен орнын «жерасты әдісі» арқылы өнеркәсіптік игеру жобасы екі кезең бойынша 2018 жылы жылдық қуаты 2 млн тоннаға дейін жететін кеніш салынады. Ал, 2020 жылы тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғаяды.