«№ 405 АВИАЖӨНДЕУ ЗАУЫТЫ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ҚҰРМЕТТІ МАШИНА ЖАСАУШЫ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше елордада Алматыдағы «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ-ның 75 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында ҚР Индустриалды даму және өнеркәсіптік даму комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов сөз алып, мекеме ұжымын зауыт мерейтойымен құттықтады.
«№405 авиажөндеу» зауытының басшылығы мен ұжымы жас мамандарға тәлім-тәрбие бере отырып, Қазақстанның авиация саласының дамуына зор үлес қосты. Сондықтан да бүгінгі таңда зауыттың өз ұстанымын сақтаумен қатар технологиялық процестер, күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету, Қазақстанда пайдаланылатын тікұшақ техникаларын жаңғырту ісіндегі табыстарына қуаныштымыз», - деді комитет төрағасы.
Оның атап өтуінше, авиажөндеу жауыты қазіргі таңда еліміздегі барлық тікұшақтар паркіне қажетті сервистік қызметтерді көрсетіп отыр.
Жиын барысында А.Ержанов зауыттың еңбек сіңірген қызметкерлеріне «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісін табыс етті. Марапатталғандардың қатарында зауыттың директоры К.Ушаков және В.Коволов, О.Рыбалкин сынды мекеме қызметкерлері болды.
Айта кетейік, зауыт тек 1992-2014 жылдардың аралығында ғана 80-нен астам МИ-8, МИ-17 тікұшақтарын жөндеуден өткізіп, 300-ден астам жаңа технологиялық процестерді игерді. Бүгінде мекемеде 360-тан астам қызметкер жұмыс істеуде.