АУЫЛДА КӘСІП ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ
Әкімдердің ел алдындағы есеп беруі науқанына орай бүгін Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде кездесу өтті. Онда ауыл әкімі Ж. Арысланов өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
Есепті кездесу барысында ауыл әкімі ауылдық округте кәсіп иелерінің көбейгенін атап өтті. «Құлан» бағдарламасы бойынша Нұртуған Жандарбеков 6 млн теңге несие алса, «Сыбаға» бағдарламасы аясында Ермек Ахметов, Өмірзақ Рановтар қолдауға ие болып, ірі қара малдарын асылдандыру бағытында жұмыс жасауда. Сонымен қатар, «Агроинас» шағын несие серіктестігі арқылы 10 адам – 200 мың және 1,5 млн теңге аралығында шағын несие алып, өз кәсіптерін бастап кетті.
Ақмая ауылдық клуб үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілді.
Есепті кездесуге тұрғындар белсенді қатысып, өз сауалдарына толық жауаптар алды.
Ақмая ауылдық клуб үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілді.
Есепті кездесуге тұрғындар белсенді қатысып, өз сауалдарына толық жауаптар алды.