ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ҚАРЖЫ АЛУ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова білім алуға, емделуге және несиеге зейнетақы жинағынан ақша алу мүмкіндігіне қатысты ұсынысқа орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл мәселені барынша тыңғылықты талқылау қажет. Мұндай халықаралық тәжірибе бар. Кейбір салымшыларда белгілі бір қаржының бар екендігі жасырын емес. Алайда, ол қажетті сомасын алған соң тым болмағанда орташа деңгейде қаржысы қалуы тиіс. Ендігі уақытта ынтымақты зейнетақы болмайды. Жинақтаушы және базалық зейнетақы ғана қалады», — деді Гүлжан Қарағұсова.
Айта кетейік, егер тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілсе, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін оқуға, емделуге немесе ипотека алуға жұмсай алады.
«Ұлттық банк төрағасы да бұл мәселе туралы айтқан, яғни бұл әлемдік тәжірибе болғандықтан, талқылап жатырмыз. Егер бұл заңмен бекітілсе, зейнетақы қорының бір бөлігі ең керекті дүниелерге, емделуге, білім алуға немесе ипотека алуға беріледі. Қазіргі таңда азаматтарға ең қажетті осы үш бағыт алынып отыр», — деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева.