ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстар барысында бірнеше факт анықталды.
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция бөлімі қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 382-бабының талаптарын бұзған 6 азаматқа қырғауылды заңсыз аулағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырып, олардың әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (11 345 теңге) айыппұл салынды. Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысы көлемінде арнайы лицензия арқылы қояннан басқа аң, құс түрлерін аулау маусымы жабылды.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 383-бабымен 5 азамат мүлдем тыйым салынған қытай ауымен балық аулағаны үшін әрқайсысы 10 айлық есептік көрсеткіш (22690 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі