БЖЗҚ-ҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
БЖЗҚ-ға жаңа басшы болып Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды. Бұл туралы ресми ақпарат көздері хабарлап отыр.
Айта кетейік, Нұрбибі Наурызбаева осыған дейін Ұлттық банктің Ішкі аудит департаментінің директоры болып қызмет еткен.
Ол зейнетақы қорының ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын жетілдіретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, қаржы ұйымының ашық жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Зейнетақы қорының жанынан Қоғамдық кеңестің құрылатынын айтты. Қоғамдық кеңеске журналистер, қаржыгерлер және салымшылар кіреді. Сонымен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке активтерін бұдан былай Ұлттық банктің басқаратыны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, қордың бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаев пен тағы бірнеше адам қамауға алынған болатын. Оларға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салды деген айып тағылуда.