ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫРМАЙ-АҚ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Бүгіннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады, деп жазады goscorp.kz.
Естеріңізге түсіре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы пилоттық жобаны іске қосқан еді. Оның шеңберінде корпорация қызметкерлері перзентхана ғимараттарында бірден бала тууды тіркеу, оның бір жасқа дейін күтіміне жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою қызметтерінеөтініш қабылдай алатын. Бүгінгі күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша бала тууға байланысты перзентханаларда көрсетілетін композиттік қызметтер пилотын мемлекеттік корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестіледі. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдауда ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты.
«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеліп, ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгінуіне тура келетін. Біз бұл мәселені шештік және бала тууына байланысты және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындауға өтініш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмін әзірледік. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс ішінде ғана жұмыс істейтін болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Еренчинов.
Пилоттық жоба іске қосылғаннан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсетілді.