СУДЬЯЛАР ҰСЫНЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаевамен кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы, алқа төрағалары, судьялар және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков өз сөзінде Ұлт Жоспарының сот жүйесін реформалауға қатысты қадамдарының іске асқанын атап көрсетті.
Кездесу барысында Балайым Туғанбайқызы Қылмыстық және Қылмыстық процессуалдық, Азаматтық іс жүргізу, Азаматтық процестік кодекстері мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жайлы тарата айтты. Сондай-ақ, кодекстерге ұсынылған ескертпелер мен пікірлерді іріктеп, заңнамаларды жетілдіру мақсатында жұмысшы топ құрылғанын жеткізді.
Сонымен қатар, сот төрағасы Нұрлан Қайырбеков заңға судья көмекшісін енгізу, облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов бітімгершілік заңын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыным білдірді.
Кездесу соңында заң шығарушы орган өкілі мен судьялар арасында заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер және толықтырулар туралы, сонымен қатар, жұмыс барысында заңдарды қолдануда туындайтын мәселелер жайлы пікірлер айтылып, өзара ұсынымдар жасалды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі