СЕМИНАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕБІНЕ АРНАЛДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен сот қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жаднамасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Шарада кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы семинардың міндеті туралы қысқаша айтып өтті. Ал бас маман Қ.Задаев әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиістігін жеткізді. Мемлекеттік қызметшінің қызметін кәсіби атқаруы, білімі мен білігі, тәжірибесі, ісіне деген адалдығы қоғам тарапынан ескеріледі.
Семинар соңында қатысушылар баяндаманы талқылап, қорытындылар жасап, мәселе төңірегінде толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Семинар соңында қатысушылар баяндаманы талқылап, қорытындылар жасап, мәселе төңірегінде толғандырған сұрақтарға жауап алды.