ҚЫЗЫЛОРДАДА 44 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ САЛЫНАДЫ
Өткен жылы облыс бойынша 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 510,6 шаршыметрі пайдалануға берілген. Бұл жайында бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков айтып берді.
Басқарма басшысының айтуынша өткен жылға жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды. Былтыр әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салуға, инженерлік-инфрақұрылым жасақтауға 38.7 млрд. теңге бөлінген. Есепті кезеңде салынып жатқан 48 нысанның 25-і пайдалануға берілді. Білім саласында құрылысы жүріп жатқан 22 нысанның төртеуі аяқталды.
- Ендігі міндет қалған нысандарды салып бітіру. Сонымен қатар, биыл аймақта спортты дамыту бастамасы аясында Ғ. Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы мен аудандағы спорт кешендері реконструкцияланады. Биылғы басты жаңалық – тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Осы бағдарлама аясында биыл облыс бойынша жалпы аумағы 151 мың шаршыметрді құрайтын 44 көпқабатты үй салу жоспарлануда, - деді басқарма басшысы.