ЖҰМЫСШЫЛАР 4 АЙ ЖАЛАҚЫ АЛМАҒАН
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев баспасөз мәслихатын өткізді.
Онда аудан басшысы өткен жылдың қорытындысын баяндай келе алдағы міндеттерімен бөлісті. Мұнан соң қиыршық тас шығаратын зауыт жұмысшыларының жалақы қарыздарына қатысты мәлімдеме жасады.
Бұған дейін белгілі болғандай Жаңақорған ауданында қиыршық тас шығаратын «Қазпром» мекемесінің 50-ден астам жұмысшысы 4 айдан астам уақыттан бері айлық алмаған. Осылайша кәсіпорын тарапынан заң талаптары бұзылып келген. Шыдамдары таусылған мекеме жұмысшылары аудан басшылығына шағымданған болатын.
- Бұл мәселе жөнінде жұмыс жасалуда. Аталған мекемемен аудан әкімдігінің мамандары күнделікті байланысып, мән-жайдың шешімін табуға тырысып жатыр. Осыған дейін жұмысшылардың қарыздарының біраз бөлігі берілді, қалған 3 млн теңге 1 айдың көлемінде толық қайтарылады, - деді аудан әкімі Ғалым Әміреев.