ЖАЛҒАН ШАҚЫРУДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ТҮСІНДІРДІ
Өткен жылы облыс бойынша 112 жедел қызметіне 310668 қоңырау келіп түсті. Бұған қоса «112» нөміріне жалған шақырулар да түсіп жатады.
Жалған қоңырау шалушылар осындай әрекеттерімен құтқарушыларды негізгі қызметіне кедергі келтіріп, тікелей жұмыстарына бөгет жасайды. Сонымен қатар жедел қызметтерді жалған шақыру ҚР ӘҚБтК 438 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтырады. Осыған орай Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қала аумағындағы мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы аптада Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы А.Кеңесова Талдыарал елді мекеніндегі №215 орта мектепте және Қызылорда қаласындағы №253 орта мектепте жоғарғы сынып оқушыларымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу барысында жалған шақырулардың 112 қызметінің байланыс желісін шамадан тыс жүктеп, шын мәнінде көмек қажет ететін қоңырауларды қабылдауға қиындық тудыратынын айтты. Сондықтан әр азамат жедел қызметтердің маңыздылығына, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысының ауқымдылығына баса мән беруі қажеттігін түсіндірді. Жасөспірімдерге жалған шақырудың жауапкершілігі мен мемлекетімізге шығын әкелетіні жөн інде ескертіп, балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы