ДЕПУТАТТАР «ЖАН- АРАЙ» КЕШЕНІНЕ БАРДЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаева, Бақытбек Смағұл, Абзал Ерәлиев, Генадий Шиповских, Әлия Сапарова облысқа жасаған сапары барысында Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіріп, 150 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты мен құс шаруашылығын дамытып отырған «Жан-Арай» агро-индустриалдық кешенінің жұмысымен танысты.
Зауытта 250-ге жуық адам жұмыс жасайды. Кәсіпорында шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері бар. Мұнда дәнді дақыл қалдықтарын құрама жем шығаруға пайдаланады. Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрама жем зауытының қажеттілігін арттыруда. Кәсіпорын басшысы Бақдәулет Мақашев бұл жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айта келе, келешекте ұн шығару зауытын және макарон фабрикасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Агрокешен аймақта тек мал шаруашылығы емес, сонымен қатар құс, балық өсіретін шаруашылықтардың дамуына да ықпал етуде. Яғни, облыста бірінші болып қаз бен үйректі өндірістік бағытта өсіруді қолға алып отыр. Осы орайда өткен жылы жеке тұғалардан «Жан-Арай Агро» кооперативі құрылып, мекеменің мүшелігіне 1 шаруа қожалығы және 8 жеке кәсіпкер кірді. Қазір кооператив Алматы облысынан әкелінген 10 мың дана жұмыртқадан 7 мың бас қаз бен үйректің балапандарын өсіріп отыр.