СОТ ТӨРАҒАСЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Кеше Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өткізілді.
Онда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сағатбек Сүлеймен сотта қаралған қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті.
2016 жылы сотқа түскен істің саны 2015 жылмен салыстырғанда 7 іске көбейгендігі байқалады. Өткен жылы 50 адамға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалған. 57 адам сотталып, оның 51-не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылыпты. Сондай-ақ, 5 адамға бас бостандығынан шектеу туралы шешім шығарылып, 1 адам ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты түрде сотталған.
- Сонымен қатар, мамандандырылған ауданаралық сотында апелляциялық тәртіппен 47 адамға қатысты 28 үкім, кассациялық тәртіппен 1 іс қаралды. Жұмыс барысында 15 жеке қаулы қабылданып отыр. Барлық қылмыстық істерді жүргізу барысында дыбыс-бейне жазбалары қолданылды, - дейді Сағатбек Сүлеймен.
Мұнымен қоса сот төрағасы ел арасында қоғамдақ пікір туғызған қылмыстық істер бойынша БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Фариза ОМАРОВА