МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ХҚКО-ДА БОЛДЫ
Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Ерәлиев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ҚФО Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің №1 қалалық бөлімінде болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.
Орталықтағы жұмыс барысын көрген халық қалаулысы қызмет пайдаланушы азаматтармен пікір алмасып, тұрғындарды жеке қабылдап, көкейінде жүрген сауалдарын тыңдады. Мұндағы елге көрсетілетін қызметке оң бағасын беріп, жоғары бағалады. Орталыққа уақытын бөліп келген Мәжіліс депутатына ел сауал қоюмен қатар алғысын да айтып жатты, ал Абзал Ерәлиев жерлестері мен ХҚКО мамандарының жұмысына сәттілік тіледі.