ФЕЙСБУКТАҒЫ ДІНИ АЛАУЫЗДЫҚ ТУҒЫЗАТЫН БІРҚАТАР ЖАРИЯЛАНЫМДАР ӨШІРІЛДІ
Қызылорда облыстық прокуратурасы «Facebook» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде таратылған ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған жарияланымдарды жойып тастады, деп жазады ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтта жарияланған хабарламасына сілтеме жасап.
«Ғаламтор жүйесіне мониторинг жүргізу нәтижесінде «Facebook» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған 39 жарияланымды, сонымен қатар жасөспірімдердің адамгершілік-рухани дамуына теріс қылықты насихаттайтын «YouTube» бейнехостингіндегі 25 арнаны жаптық», - делінген xабарламада.
Мамандардың айтуынша, бүгінде мешітке келетін жамағаттың 85-90 пайызы жастар. Ал жалпы еліміздегі рухани ізденіске түскен жандар ғаламтор арқылы жат ағымдардың уағыз-насихатына иланып жатады. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істер комитеті басшысының орынбасары Балғабек Мырзаевтың мәліметтері бойынша, бейресми деректерде 15-16 мыңдай адам жат діни ағым жетегінде кеткен. Оның ішінде такфиристер, жиһадистер деп түрлі ағымдарға бөлініп жатады.