ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИСТІК ҚАУІПТІҢ «САРЫ» ДЕҢГЕЙІ АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ
Қазақстан Республикасының антитеррорлық орталығы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аумағында террористік қауіптің сары деңгейінің алынатындығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі 2016 жылдың 6 маусымында Ақтөбедегі терактілерден кейін енгізілген болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі 2016 жылдың 6 маусымында Ақтөбедегі терактілерден кейін енгізілген болатын.