СЫРДАРИЯЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР СЫНАҚҚА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА
«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов пен «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагерінде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып жатқан мектеп оқушылармен кездесті.
Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Баян Сүюбаева лагерь жұмысын жандандыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндап, үстіміздегі жылы түлектерге теңдессіз мүмкіндік жасалып отырғанын атап өтті. Оқушылардың дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, ол үшін арнайы мамандар жүйелі жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
Бұған дейін аудан әкімдігінің қолдауының негізінде жергілікті бюджет есебінен «Жалын» тынығу лагеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Соған сәйкес, лагерьдегі барлық үйлердің есік-терезесі ауыстырылып, жылыту қазандығы мен кәріз жүйесі жаңартылды. Медициналық бекетке қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Бүгінде аудандық бюджеттің 60%-ға жуығы осы салаға бағытталып отыр. Бұл бұрын-соңды болмаған жаңалық.