ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Республиканың солтүстік жартысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің оңтүстік аумағында жауын-шашын жаумайды, күн жылы болады деп күтілуде. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін жетеді.