ЖАЛАҒАШТАҒЫ ЖИЫНДА КЕШЕНДІ АТТЕСТАЦИЯ ТАЛАБЫ АЙТЫЛДЫ
Жалағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және 2017 жылғы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау бойынша жиын өтті. Оған облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев қатысты.
Кездесуді аудан әкімі Т.Дүйсебаев жүргізді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытындағы жұмыстар жайлы облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Р.Тәуекелов хабарлама жасады. Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Жөлекешов 2017 жылы «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау талаптары туралы айтып өтті. Әрбір қызметкер мемлекеттік тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің "Ар-намыс” Кодексі талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті екендігі жиын барысында тағы бір ескерілді.