ЕСІРТКІ ТАСЫҒАН ЕКЕУ ҰСТАЛДЫ
Қаңтар айының 9-11 күндері аралығында Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдаудың 2 дерегін анықтады.
Атап айтқанда, 2017 жылдың 9 қаңтарында сағат 19.00-де Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ғ.Әлімбетов өзіне бекітілген аумақта барлау жұмыстарын жүргізу барысында мас күйінде жүрген 48 жастағы азаматты тоқтатып, тексеру барысында күртешесінің қалтасынан газет қиындысына оралған жасыл түсті, ерекше иісі бар затты анықтайды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Нәтижесінде салмағы 1,96 гр. болатын құрайтын кептірілген марихуана екендігі белгілі болды.
Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да тіркелді. 2017 жылғы 11 қаңтарда сағат 20.30 шамасында ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Д.Тоқмұратов іс-әрекеті күдік тудырарлық азаматты байқап қалады. Тоқтатып, тексеру барысында 1982 жылы туылған аудан тұрғынынан жасыл түсті шөп тәріздес зат алынды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.