ПОЛИЦИЯ ЖОҒАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДІ ТАПТЫ
Қызылордалық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабарсыз кеткен жасөспірім дін аман табылып, отбасына қосылды. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылғы 9 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында 2001 жылы туылған жасөспірім үйінен шығып кетіп, қайта оралмайды. Араға 1 күн салып анасы баласының жоғалып кеткендігі жайлы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының «102» арнасына хабарлайды. Аталған хабарлама бойынша Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылып, жедел түрде іздестіру шаралары жүргізілді. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар тексерілді, жақындарынан түсініктемелер алынды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім «Сабалақ» саяжайында тұратын досының үйінде тығылып жатқан жерінен табылды.
Қазіргі таңда, жасөспірім ата-анасына табысталды. Үйінен кетіп қалу себептері анықталып, мұндай жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдануда.
Қазіргі таңда, жасөспірім ата-анасына табысталды. Үйінен кетіп қалу себептері анықталып, мұндай жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдануда.