ОБЛЫСТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Оған тұрғындар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі дәлел. Өңірдегі қалыптасқан жағдайды респонденттердің 92,7 пайызы тұрақты әрі жақсы деп бағалаған. Сондай-ақ олардың 88,7 пайызы өңірдің экономикалық ахуалына көңілдері толатындықтарын білдірген.
- Қазіргі таңда БАҚ мен интернет ресурстарында, сондай-ақ, тұрғындармен кездесу барысында әлеуметтік зерттеулер қорытындысына сәйкес талдау жүргізіліп, проблемалық мәселелер облыс әкімі мен облыс прокуроры бекітетін шиеленіс ошақтары картасына енгізіліп, тиісті шаралар қабылданады. Өткен жылы оған енгізілген 112 мәселенің 64-і өз шешімін тауып, бақылаудан алынды, - дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев.
Оның айтуынша аймағымыздағы діни ахуал да тұрақты әрі қолайлы. Басқарма тарапынан қоғамда діни сауаттылықты көтеру бойынша атқа¬рылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.
- Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында өткен жылы түрлі форматта 2 298 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 400 адам қатысқан болатын. 1000-нан астам интернет сайттарға талдау жасалып, күмән келтірген 161 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданған. Комитет тарапынан 105 сайтқа теріс қорытынды берілді, - деді басқарма басшысы.
Басқарма басшысы мұнан бөлек қоғамдық кеңес, ҮЕҰ-дар мен саяси партиялар жұмысы жайына тоқталып, атқарылған жұмыстардың барлығын кеңінен баяндады.
Фариза ОМАРОВА