ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылорда облысы прокуратурасында 2016 жылғы қадағалау қызметінің нәтижесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды облыс прокурорының баспасөз қызметі.
Баспасөз мәслихатында облыс прокурорының міндетін атқарушы Қайрат Бөрібаев өңірімізде тіркелген қылмыстық көрсеткіштер мен оларды ашу, «Мал ұрлығына қарсы», «Алаяқтықтың алдын алу» жобалары жайлы тарата айтып берді.
Облыс бойынша жалпы қылмыс саны саны 19,3% (2015ж. 12241 болса, 2016 жылы 9882-ге) төмендеген. Тәртіп бұзушылық жиі кездесетін аумақтар терең талданып, нәтижесінде ішкі істер органының құрылымдары мен күштері қайта бөлініп, адамдар мен көліктердің жиі шоғырланатын орындарында бейнебақылау құрылғыларының саны артты.
«Мал ұрлығына қарсы» жобасын іске асыру барысында бұл қылмыстар 843-тен 659-ға немесе 22%-ға азайды. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл қылмыстарды ашу көрсеткіші 19%-ға (25-тен 44%-ға) өскен.
Сонымен бірге, қылмыстық жолмен келген етті алу, құжатсыз сату деректері үшін ет сату орындарының басшыларына оны алдын алу шаралары жарияланды. «Алаяқтықтың алын алу» жобасы негізінде атқарылған іс-шаралар бұл қылмыстардың 26,8 %-ға төмендеуге әсерін тигізген (1197-ден 876-ға). Облыстық прокуратураның ресми сайтында алаяқтық қылмыстарымен сотты болғандардың тізімі орналастырылған және бұл тізім жаңғыртылып тұрады.
Баспасөз мәслихатында облыс прокурорының орынбасары Жасұлан Еламанов өңірде әлеуметтік шиеленістің, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратураның уәкілеттігі және үйлестіруші функциясы кеңінен қолданып, нәтижесінде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы қамтамасыз етілгенін айтып өтті. Прокурорлық қадағалау актілерімен 3409 заңсыз актінің күші жойылды және өзгертілді, 12 мың адамның конституциялық құқығы қорғалып, мемлекет пайдасына 500 млн. теңге өндірілді. Прокуратураның ықпалымен 5 мың жұмысшы 900 млн. теңге жалақы қарыздарын алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласында жүргізілген тексеру мен талдау барысында 6 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды, 5 іс бойынша 4 адам сотты болып, мемлекет кірісіне 3,6 млн. теңге өндірілді. Мысалы, Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімдігінің аппараты қызметінде 10 млн. теңгеден астам бюджет қаржысының жымқыру дерегі анықталды.