БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ІСТІ ЖҮРГІЗУ ТИІМДІЛІГІ
Сотта жүйелі түрде ЗК-169/5 мекемесінде қатаң режимде жазасын өтеушілердің мерзімінен бұрын шартты түрде босату, түзеу мекемесінің түрін ауыстыру, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініштері заманауи құралдардың мүмкіншілігін пайдалану арқылы бейне-конференция жүйесімен өткізілуде.
Жаза өтеушілерден түскен өтініштерді бейнеконференция жүйесі арқылы қараудың тиімділігі мен ұтымды жағы бұл біріншіден өтініштерді тез шешуді, қатаң режимде жазасын өтеушілерді айдауылдап әкелу машақатын болдырмауды, уақыт үнемдеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сотта мұндай жүйе арқылы материалдарды қараудың өзіндік ерекшелігі сол сотқа ұсынылған өтініштер сол күнгі кезекші қорғаушының қатысуымен қаралады. Бұл әрекеттердің барлығы сайып келгенде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-қимылды білдіреді.
Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметі