СҰРАНЫСҚА САЙ МАМАНДАР ДАЯРЛАНЫП ЖАТЫР
Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған пресс тур аясында БАҚ тілшілері И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжі мен М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжде болды. Бұл екі оқу орны да қазір ел экономикасындағы сұраныстарға сай мамандар даярлайды.
Бүгінде аграрлық-техникалық колледжінің күндізгі бөлімінде 1565 студент тәлім алып, оларға 186 оқытушы дәріс беруде. Мұнда болашақ инженерлер, механиктер, теміржолшылар мен құрылысшылар, экологтар, ветеринарлар білім алуда. Сабақтар арнайы жабдықталған сыныптар мен лабораторияларда өтеді. Биыл оқу орнын шыны зауытына керекті мамандардың алғашқы легі бітіреді.
Ал М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі аграршылар мен мұнайгаз, автомобиль, теміржол, құрылыс саласы, құтқару және өрт сөндіру қызметі мамандарын даярлайды. Мұнда қазір 10 мамандық бойынша 750 бала білім алуда.
Колледж жуырда ғана Бүкіләлемдік қайта құру және даму банкінің конкурсынан 50 млн. теңгенің грантын ұтып алды. Енді ол қаржыға колледждің оқу-материалдық базасын жаңартып, оқытушыларды инновациялық жүйелерді ендіруге дағдыландыруды жоспарлап отыр.