ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙДІ
Былтырғы күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан облыста кәсіпорындар қатары арта түскен. 2017 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 9542 бірлікті құрады.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6936, одан 6588-і шағын кәсіпорындар. Заңды тұлғалар құрылыс саласында көп тіркеліп отыр. Көрсеткіш – 18,4%. Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметі бағытында 15,5, ал білім беруде 11,9 пайыз. Осы үш қызмет түрінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 45,8 пайызын құрайды.