ЕРЕКШЕ ХОББИ ИЕСІ
Қармақшы ауданының тумасы 16 жастағы Алмас Аппазов үшінші сыныбынан бастап өлең жаттауды әдетке айналдырған, деп жазады http://alashinform.kz/kz/.
500-ге жуық ақынның өлеңдері мен эпостық жырларды жадына түйген ол, "Қобыланды батыр" жырының 3000 жолын жатқа айтады. Осы уақытқа дейін халықаралық, республикалық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр. Ол өлеңдерді тез жаттаудың сыры үздіксіз оқу екендігін айтты. Оныншы сынып оқитын Алмас болашақта тарих немесе экономика саласының маманы болуды көздеп отыр. Алдағы уақытта қазақ айтысында шоқтығы биік жырлардың бірі "Қатаған мен Сүйінбай айтысын" жаттаймын дейді.
Ол: "Мен өлең оқып, батырларын жырын айтпай жүрсем үйге сыймай кетем",-дейді.
Ол: "Мен өлең оқып, батырларын жырын айтпай жүрсем үйге сыймай кетем",-дейді.