ТЕМІРЖОЛШЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ-ның жас теміржолшылары «Жас Отан» ЖҚ мүшелерімен бірлесе отырып «Жастар Отанға» жоба аясында дартс пен үстел теннисінен жолдастық кездесу өткізді.
Салауаттылықтың әр адамның рухани, дене дамуына әсер ететін жетік білетін теміржолшылар бұл шараны ай соңына қарай Алматыда басталатын қысқы Универсиадаға қатысушы қазақстандық жастарға арнады. Бастауыш ұйымның жастары осылайша дүбірлі додада бақ сынайтын отандық спортшыларды қолдайтынын жеткізіп, олардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді.