ОН СЕГІЗ МЫҢ ПӘТЕР ЗАҢСЫЗ ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН
Ел аумағында өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап ІІМ өткізген «Участок» шарасы аясында барлығы 2,4 млн. жеке үй мен 2,5 млн. пәтер қамтылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Тұрғылықты жері бойынша 123392 шетел азаматы тексеріліп, ел аумағында болу мерзімі аяқталған 7728 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Сондай-ақ, еліміздегі миграция заңдылығын бұзған 27210 факт анықталды.
Шара шеңберінде 56 мың жалдамалы пәтер тексеріліп, баспананы жалға беру талаптарын бұзған 19917 дерек анық болды. Осыған сәйкес 18088 ұсыным жіберілді. Тексеру барысында жалға берілген баспаналар арасынан 18 мың пәтердің салық органдарында тіркелмегені белгілі болды.
Осы уақыт аралығында іздеуде жүрген 608 қылмыскер мен хабар-ошарсыз кеткен 499 адам табылып, заңсыз айналымнан 390 қару алынды.