ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА 20098 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Қызылорда облысында өткен жылы 5724 шаңырақ көтерілген. Бір өкініштісі 1863 жұптың некесі бұзылып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров мәлімдеді.
Оның айтуынша есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың АХАТ саласымен барлығы 33715 азаматтық хал актілері тіркеліп, 25 млн теңгеден астам баж салығы өндірілген. Жалпы облыс бойынша 20098 сәби дүниеге келген. Кәсіпкерлік қызметпен тиісті қайта тіркелусіз қызмет атқарғаны үшін 5 заңды тұлғаға ҚР «Әкімшіліқ бұзушылық туралы» Кодексінің талаптары бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдың жалпы сомасы 148110 теңгені құрады.
- Департамент тарапынан 9689 алимент төлемі өндіріліп, бүгінде 1243 атқарушылық өндірісі аяқталды. Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 378 ұсыныс жолданып, 268 борышкерге айыппұл салынған, - дейді департамент басшысы.