ЖАҢА САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНА КУӘЛІКТЕР МЕН ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
Орталық сайлау комиссиясы 1 қазанда сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді, ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сенаторларға тиісті куәліктер мен белгіленген үлгідегі төсбелгілер тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қазан күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Ақмола облысынан – Рашит Әкімов, Ақтөбе облысынан – Марат Тағымов, Алматы облысынан – Аңсар Мұсаханов, Атырау облысынан – Сәрсенбай Еңсегенов, Батыс Қазақстан облысынан – Ерболат Мұқаев, Жамбыл облысынан – Мұратбай Жолдасбаев, Қарағанды облысынан – Сергей Ершов, Қостанай облысынан – Серік Бектұрғанов, Қызылорда облысынан – Бекмырза Еламанов, Маңғыстау облысынан – Михаил Бортник, Оңтүстік Қазақстан облысынан – Әли Бектаев, Павлодар облысынан – Манап Көбенов, Солтүстік Қазақстан облысынан – Ольга Перепечина, Шығыс Қазақстан облысынан – Сергей Плотников, Астана қаласынан – Серік Жақсыбеков, Алматы қаласынан – Төлеубек Мұқашев Сенат депутаты болып сайланды.
«Парламент депутаты жоғары мәртебелі лауазым. Тұрақты түрде жұмыс істейтін Қазақстан Парламентінің қос палатасының бірі Сенат депутаты болып сайлану үлкен абырой. Бұл, сонымен бірге, таңдаушылардың, оның артында тұрған аймақ халқының үлкен сенімі және әр депутатқа артылатын зор жауапкершілік. Біз бұл үлкен мәртебелі лауазымды және аса маңызды жауапкершілікті терең түсінеміз және сезінеміз. Әрбір депутаттың алдында тәуелсіз еліміздің егемендігін, мемлекетіміздің тұтастығын, халқымыздың әл-ауқатын көтеру, оның ішінде, ең бастысы, еліміздің ұзақ мерзімді дамуын анықтаған «Қазақстан-2050» стратегиясында, Елбасының Жолдауында көрсетілген нақты міндеттерді тиімді іске асыру үшін қажет сапалы заңдарды қабылдау міндеті тұр. Сонымен бірге, әрбір Сенат депутаты өзі сайланған өңірдің өкілі ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуын мемлекеттік міндеттермен ұштастыра білу де міндет», - деді депутат куәліктері мен төсбелгілер тапсыру рәсімінде Атырау облысынан сайланған Сәрсенбай Еңсегенов.