МӘСКЕУ-ҚЫЗЫЛОРДА ӘУЕ РЕЙСІ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қорқыт Ата әуежайына халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат берген. Осы орайда өткен жылы халықаралық Мәскеу-Қызылорда әуе рейсін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірақ әуе компанияларында ұшақтардың жетіспеушілігіне байланысты тоқтатылды.
«Қараша айында облыс әкімдігі Росавиация федералдық агенттігіне әуе рейсін ашу туралы ұсыныс жолданған болатын. Нәтижесінде Росавиация комиссиясы «Аэрофлот-российскийе авиалинии» авиакомпаниясына рұқсат берді. Енді осы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Мәскеу-Қызылорда» әуе рейсін «Аэрофлот-российскийе авиалинии» авиакомпаниясы орындайтын болды. Жобаны іске асыруға Қытай, Ресей, Иран, Чехияның бірқатар компаниялары қызығушылық білдіріп отыр, - деп мәлімдеді Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бәлібаев.
Айта кету керек, Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 25 тұрақты рейс ұшады. Астана қаласына – 11, Алматыға – 10, Қарағанды мен Өскемен қалаларына – 2 рейстен.
Айта кету керек, Қорқыт Ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 25 тұрақты рейс ұшады. Астана қаласына – 11, Алматыға – 10, Қарағанды мен Өскемен қалаларына – 2 рейстен.