АРАЛ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДАРЫНДА ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНЫҢ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА СӨНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ХАБАРЛАМА
8-9 қаңтар аралығында Арал, Қазалы аудандарында күн райы күрт өзгеріп, ауа ылғалдығы 92 % құрады. Осының салдарынан электр желілерінде 15 см. ге дейін мұз қатып, электр желілерінің өшуіне әкеліп соқты.
Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше орын алған апатты жағдайды қалпына келтіру үшін 105 маман және 25 арнайы техника жұмылдырылған. Қазалы ауданына 9 автономды дизель электр станциясы жіберілді.
10 қаңтар сағат 17:05 – те Қазалы ауданының Л-107 электр желісі іске қосылып, сағат 18:07 – де Арал ауданының Л-109 электр желісі қалпына келтіріліп, Әйтеке би кенті мен Арал қаласына электр қуаты берілді.
Бүгін жұмыс күнінің аяғына дейін Қазалы ауданына қарасты елді мекендердің 90 пайызы электр жарығына қосылады. Ал, Арал ауданындағы ауылдардың арақашықтығының ұзақтығына және жолдардың қазіргі жағдайына байланысты алдағы күндері жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. (бірінші кезекте Сексеуіл ауылы мен Жақсықылыш елді мекені).
Тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз.