ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАҢА СЕРВИСТІ ІСКЕ ҚОСТЫ
Сот ісін жүргізу жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу сот органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсындағы «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Осы сервистің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды.
«Жаңа сот актілерінің банкінде» 2016 жылғы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған заңды күшіне енген сот шешімдерін (үкімдерін) табу барынша қолжетімді болады. Кейінірек 2015 жылы шығарылған сот актілері, соның ішінде Жоғарғы Соттың сот актілері қолжетімді болады деп күтілуде.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі