ЕЛДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ ШЫРША
NUR.KZ порталының оқырмандары Қазақстандағы ең әдемі шыршаны анықтады. Сауалнамаға барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалалары тұрғындары қатысқан.
Оның қорытындысы бойынша қатарынан екінші рет Көкшетау қаласының шыршасы 2,9 мың дауыспен бірінші орынға шықты, Қызылорда шыршасы одан сәл ғана қалыс қалды – 2,2 мың дауыс. Үшінші орында тұрған Астана шыршасы 1,5 мың дауыс жинады, деп жазады kzvesti.kz.