КӘСІПКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бағытында құрылған аймақтық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды партияның облыстық филиалы.
Қоғамдық кеңес отырысын Кеңес төрағасы, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жүргізді.
Отырыста аймақта «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының орындалу барысы мен «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағытына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева, облыстық басқарма басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партияның аймақтық, аумақтық филиалдарының жауапты қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.