ЕЛ АУМАҒЫНДА ТҰРАҚСЫЗ КҮН РАЙЫ КҮТІЛЕДІ
Бүгін күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, жауын-шашынсыз күн райы тек елдің батысы мен шығысында күтіледі.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК..
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жекелеген аумақтарда жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні секундына 25 метрге артуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынды жел соғады.
Қызылорда облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Атырау облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының жекелеген жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-28 м/с-қа күшейіп, түнде кей жерлерді тұман басады.
Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында сондай-ақ тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ болып, 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 25 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-батыс бөлігінде 30 м/с-қа жетуі мүмкін.