БҰРЫНҒЫ МИНИСТР ҰСТАЛДЫ
ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев ұсталды, - деп жазады Tengrinews.kz . Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлады.
"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлады жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны хабарланған еді.