ЖАҢАҚОРҒАНДА ТАҒЫ БІР КОМПОЗИЦИЯ БОЙ КӨТЕРДІ
Бүгінгі таңда аудандағы жастар қауымы келешектің кілті кәсіпкерлікте екенін жақсы түсініп, жеке кәсіппен айналысуға айрықша ден қоюда. Бұл бағыт көптеген азаматтардың тіршілік көзіне айналды.
Міне, сондай кәсібінің нәсібін көрген жастың бірі – Қанат Мұхтаров. Ол 2012 жылдан бастап, Жаңақорған ауданының орталығынан алғашқылардың бірі болып, жарнама агенттігін ашты. Уақыт өте мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға ие болып, кәсібін кеңейтті. Кәсібін меңгерген Қанаттың агенттігі жуырда биіл елімізде өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне арнап жаңа композиция жасады. Қазір композиция кент орталығына ерекше сән беріп тұр.