ЖАСТАР АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫСШЫ КӘСІБІН ТЕГІН АЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасында жастарды тегін оқыту және оларды еңбекпен қамтудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері қарастырылған. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова баяндады, деп жазады http://primeminister.kz.
Бағдарламада басты назар жаппай оқыту арқылы нақты дағдыларды қалыптастыруға аударылған. Бұған Жұмыспен қамту орталықтары мен бұрынғыдай ауылдарда ғана емес, қалаларда да шағын несиелендіру құралдарын қолдану кеңейтілген жаппай кәсіпкерлікті дамыту шаралары ықпал ететін болады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін үш негізгі бағыт анықталған.
Біріншіден, орта арнайы немесе жоғары оқу орындарына түспей қалған, білімі жоқ 100 мыңға жуық жастарға ерекше көңіл бөлінетін болады. Олар техникалық және кәсіптік білім базасында алғашқы жұмыс кәсібін тегін алу мүмкіндігіне ие болады.
Екіншіден, жастарды жұмыспен қамту шараларында кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру да қамтылады. 2017 жылы ҚР БҒМ бірлесіп барлық жалпы білім беретін мектептерде, ЖОО-лар мен колледждерде кәсіби бағдар беру кабинеттері іске қосылады.
Үшіншіден, білім мекемелерін тәмамдаған жастарды жұмысқа орналастыруда туындайтын кедергілердің бірі еңбек өтілінің болмауына байланысты «алғашқы жұмыс орны» мәселесі болып табылады. Оны шешу үшін «жастардың іс-тәжірибесі» сақталатын болады, бұл жас түлектерге мемлекеттің қолдауы арқылы алғашқы еңбек өтілін алуға мүмкіндік береді, ал бұл болашақта тұрақты жұмыс орнымен қамтылуына жол ашады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 16%-дан 3,9% дейін төмендеген. Сонымен қатар, оның деңгейі еліміз бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен біршама төмен. Ел тұрғындарының жалпы санына шаққанда 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі олардың төрттен бірін немесе 4,1 млн адамды құрайды.