АҚТАУ ӘУЕЖАЙЫ ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖАҢА РЕЙС АШАДЫ
2017 жылғы 3 ақпаннан бастап, Ақтау халықаралық әуежайы «Ақтау - Қызылорда - Ақтау» жаңа бағыты бойынша жұмыс істеуді бастайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Bek Air» әуе компаниясы ашқан жаңа рейс бойынша ұшақтар аптаның 5 және 7 күндері ұшады. Әуе компаниясы аталған бағыттың ең төменгі құны 10 мың 800 теңге екенін мәлімдеді.
«Бұл әуе компаниясының өз бағасы, мұнда әуежай алымы қосылмаған және туристік агенттіктерден билет алған жағдайда тағы комиссия төлеу қажет болады», - деп атап өтті «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов. Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл ҚР аумағында ғана емес, ТМД елдеріне де қосымша бағыттар ашылады. Мәселен, Санкт-Петербургке дейін рейс ашу жоспарда бар. 12 желтоқсанда ашылған Шымкентке дейінгі бағыттың жиілігі артады. Енді аптасына екі рет емес, үш рейс жасалатын болады.