УАҚЫТША ТІРКЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ХҚКО ЖАҢА ЖҰМЫС КЕСТЕСІНЕ АУЫСТЫ
«Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заңда көрсетілген уақытша тіркеуге байланысты, Қазақстанның үш қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне ауысты. Бұл туралы бүгін журналистерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбділманов мәлім етті.
«Халықты уақытша тіркеу сияқты қызмет түрлеріне сұраныс артқан соң, бүгіннен бастап пәтердің қай ауданда орналасқанына қарамастан, азамат кез келген аудандағы ХҚКО-ға барып, тіркеу жүргізе алады. Бұрын бұндай қызмет Астана, Алматы қалалары мен ОҚО-да болмаған. Мысалы, Астана қаласында Есіл ауданында пәтері бар адам, оған басқа бір адамды тіркеу үшін немесе өзі уақытша тіркелу үшін басқа кез келген аудандағы ХҚКО-ға бара алады», - деп түсіндірді Ш.Әбділманов.
«Сонымен қатар, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 08.00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді», - деп хабарлады ол.
«Сонымен қатар, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 08.00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді», - деп хабарлады ол.