ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНҚОЖА БАТЫРДЫҢ 240 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУДЕ
Қорқыт ата атындағы Студенттер сарайында «Ұлт азаттығы қозғалысы және Жанқожа батыр» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасты.
Конференция отырысын ашқан аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысушыларды құттықтады. «Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, Отанымыздың тарихын білу – ұрпақ міндеті. Қызылорда облысындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлының басқаруындағы ұлт азаттық қозғалыс еліміздегі ең ірі және Қазақстанның тәуелсіздігін алуда үлкен роль атқарды», - деді әкім.
Белгілі ғалымдар, әдебиетшілер мен тарихшылар қатысқан жиында батыр бейнесі жан-жақты сөз болып, тың деректер айтылды.
Конференция қатысушылары Жанқожа Нұрмұхамедұлындай дара тұлғалардың ұлт тарихынан лайықты орын алуы, олардың қасиетті есімдерінің қайта жаңғыруы Елбасымыз – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мазмұнымен үйлесетіні туралы ой қорытты.
Айта кету керек, түс ауа және келесі күні бұл мерейтой Қазалы ауданында өз жалғасын табатын болады. Атаулы күні ауыл тұрғындары үшін басқа да мерекелік шаралар, аймақтық жас ақындар мүшәйрасы, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс, жыраулар фестивалі, республикалық ақындар айтысы, палуандар күресі, бәйге өткізіледі.
Шынар БЕКБАН