ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков ұжымға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қызылорда қаласының №2 соты және Қармақшы аудандық соты лауазымына Жұлдыз Жәкеева және Ермек Құтыбаевтар тағайындалды.
Ж.Жәкеева Қызылорда облыстық сотының маманы, сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында біліктілігін арттырып, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған. Ал Е.Құтыбаев прокуратура саласында қызмет атқарған.
Шара барысында алғаш тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант қабылдады.
Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі