ҚЫРҒЫЗСТАН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ КЕДЕРГІСІЗ ӨТЕДІ
«Атамекен» Қырғыз тауарларының Қазақстан арқылы Ресейге кедергісіз жеткізілетіндігі жайында хабарлады. Бірақ бұл транзиттік тасымал бағытына қатаң санитарлық бақылау орнатылады. Бұл жайында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімделді.
Қазіргі уақытта, қырғыз елінің ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың аталған саладағы талаптары мен қағидаттарына сәйкес келмейді. Бұл Одаққа мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен өткен инспекциялық тексеру қорытындысында анықталған. Сондықтан, қазақстандық-қырғызстандық шекарадағы ветеринарлық бақылауды алып тастау, Қазақстанның ауылшаруашылық кешеніне қауіп тудырады.
Дегенмен бауырлас қырғыз халқының Ресей Федерациясының ішкі нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және тауар айналымын арттыруға ниет-құлшынысын айқын Қазақстан тарапы да қолдап отыр. Мысалға, бүгінде, 15 қырғызстандық кәсіпорын Ресей нарығына және 8 кәсіпорын Қазақстанның оңтүстік өңірлер нарығына ветеринарлық бақылауға жататын термикалық өңдеудегі сүт, дайын ет өнімдері және балық сияқты белгілі бір тауар түрлерін жеткізеді. Қазақстанның Ауылшаруашылық министрлігі, болашақтағы бірлескен инспекцияларда, ұқсас қырғызстандық жөнелтушілер тізімін кеңейтуге тырысады және транзитке қырағы бақылау орнату жайлы шешім қабылданған.
- Тауар айналымын көтеру мұратында транзитті мұқият бақылауды қолға алдық. Сөзімізге дәлел, былтыр қырғыздар Ресейге 121 партия сүт өнімін жіберсе, Қазақстанға 939 партия жөнелтті. Қарапайым тілмен жеткізсек, тірі төрт түліктен басқасын транзиттеуді мойнымызға алып отырмыз. Бүгінгі таңда тығыз ынтымақтастық ауқымында, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметіндегі 4 тауар белгісі бойынша, қырғыз тауар топтамасын 105-ке көбейттік. Өнімді пломбаланған вагондарда тасымалдау мал ауруларын таратпауға мұрсат береді, – дейді талдаған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.
Қырғызстандық мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне, бұдан бұрын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы күдігін білдірген еді. Өйткені, аграрлық ел ретінде, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан тыс, өзге де мемлекеттерге ауылшаруашылық тауарларын экспоттаумен айналысатындықтан, сырттан мал сырқаттары енсе, осы уақытқа дейін бағынған белес-көрсеткіштер күрт төмендеуі мүмкін.
-Жалпы Санкт-Петербор қаласындағы шешімге дейін арада ұзақ келіссөздер жүрді. Кәсіпкерлер қауымдастығы ықпалдастық үрдістеріне белсенді атсалысуда. Ветеринарлық бақылауға «Атамекен» айрықша көңіл бөліп, басым бағыттарды сараладық. Бұл тұста шекарадағы қалыптасқан рәсімдерді алып тастауға асықсақ, салдары ұлт денсаулығы тәрізді маңызды мәселелерде орасан зиян шектірер еді. Сондықтан тараптар толығымен міндеттелген шараларды бұлжытпай орындағаны абзал, - деп толықтырды «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.
Ахуалды байыптай келе, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы, 2016 жылдың 31 желтоқсанында бірлескен бұйрық жариялауды жөн көрген. Құжатқа сай, карантинге іліккен қырғыз өнімдері, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, темір жол көлігі арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға кіргенде Луговая станциясы, елімізден Ресейге шыққанда Илецк бекеті арқылы тасымалданатыны ұйғарылған. Алдағы сәтте қосымша бағдарлар да іске қосылуы ықтимал.